$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мемлекеттік қызметте болмауы керек»: Маржықпаев «Көшпенділер визасы» кімдерге арналғанын айтты

Арнайы визаны жыл соңына дейін енгізу көзделіп отыр

«Мемлекеттік қызметте болмауы керек»: Маржықпаев «Көшпенділер визасы» кімдерге арналғанын айтты
Фото: gov.kz

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Үкіметте өткен брифингте шетелдіктер үшін жаңа виза қашан енетінін айтты,деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Егер біз бұл визаны енгізсек, 500-ге жуық турист аталған виза бойынша өтеді. Себебі, олардың арасында осы визаны енгізген елдер бар. Оны енгізген елдерге 500-2000 дейін турист келеді. Виза біздің ел аумағына кіргендерге медициналық сақтандыруды қамтиды, тұлғаның тұрақты жұмысы болуы керек. Оның жалақысы айына мың доллардан кем болмауы керек. Алғашқы кезең визасыз режим енгізілген елдер азаматтарына қатысты болады»,- деді ол.

Оның айтуынша, бұл визаны қолданушылар мемлекеттік қызметте жұмыс істемеуі керек.

«Ол ең алдымен IT саласы мен журналистерге арналады. Қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі барларға бағытталған. Жыл соңына дейін енгізуге тырысамыз. Бүгінде тиісті мемлекеттік органдармен жұмыс жүріп жатыр», - дейді министр.

Бұған дейін хабарлағынымыздай, бұл визаның алдын ала атауы - NEO Nomad Visa.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Үкімет #Виза