Декларация тапсырған қазақстандықтардың жеке деректері қылмыскерлердің қолына түсіп кетпей ме

Azattyq Rýhy

Қаржы министрлігі азаматтардың дербес деректерін қорғауға дайын

Декларация тапсырған қазақстандықтардың жеке деректері қылмыскерлердің қолына түсіп кетпей ме
Фото: istockphoto.com

Цифрлық даму мен Қаржы министрліктері жалпыға бірдей декларация тапсырған кезде қазақстандықтардың дербес деректері қалай қорғалатынын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Мәжіліс депутаттары табыс туралы декларация тапсырған азаматтардың жеке деректері қылмыскерлердің қолына түспейтініне кім кепілдік беретінін сұраған. 

Қазір мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерін «Электрондық қаржы орталығы» АҚ техникалық тұрғыда сүйемелдеп отыр. Осыған байланысты цифрлық даму министрлігі өз құзыреті аясында дербес деректердің таралып кетуіне жол бермеу үшін қаржы министрлігі мен мемлекеттік кірістер комитетіне тиісті ұсынымдар берген. 

Ал, депутаттық сауалға жауап берген Қаржы министрлігі азаматтардың дербес деректері мен ақпараттық қауіпсіздігін қорғауға және ол үшін жауапкершілік алуға дайын екенін растады. 

«Декларацияларға қол жеткізу ақпараттың құпиялылығы мен қауіпсіздігіне, оның жоғалуына немесе заңсыз пайдаланылуына әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қоса алғанда, дербес жауап беретін қызметкерлердің шектеулі тобына арнайы бұйрық бойынша ғана беріледі», - делінген қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың депутаттық сауалға берген жауабында. 

Министрлік қауіпсіздік шараларын жетілдіру және күшейту үшін заңнамаға өзгерістер енгізбек.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.