Қазақстан үкіметі қырғыз студенттер үшін грант бөле бастаған
Қазақстан үкіметі бөлетін грант саны әзірге елу

Қазақстан Үкіметі қырғыз студенттері үшін 50 грант бөліп отыр. Бұл туралы бүгін Ақордада БАҚ өкілдеріне брифинг өткізген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ақорданың мәліметіне сүйенсек, Бішкекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы, Ош қаласында Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бөлімшесі жұмыс істей бастады. Бұдан бөлек, Қазақстан Үкіметі қырғыз студенттері үшін 50 грант бөліп отыр. Мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту үшін жыл сайын екі ел зиялыларының форумы өтеді.
"Биыл Астанада өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті 6-шы Консультативтік кездесуіне белсене атсалысуға уағдаластық. Қазақстанның бірқатар халықаралық ұйымның төрағасы ретінде көтерген бастамаларын қолдағаны үшін қырғыз бауырларға ризашылық білдіреміз. Бүгінгі сапар екі елдің ынтымақтастығын одан әрі нығайта түсетіні анық", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.