Жылыойда халық бір реттік көмек алу үшін жаппай құжат тапсырып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Бір жолғы көмек алу үшін 3266 адамнан өтініш түскен  

видеодан скриншот

Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен отбасыларының өтініштерін тәулік бойы қарап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік бағдарламар басқармасының басшысы Азамат Мамбетов хабарлағандай, Жылыой ауданында тұратын 1866 отбасы 100 АЕК көлемінде материалдық көмек алып үлгерген.

«Ауданның 3266 тұрғынынан бір жолғы төлем алуға өтініштер түскен. Бүгінге дейін Жылыой ауданының 1866 отбасына 100 АЕК көлемінде, жалпы сомасы 688,9 млн тенге бір жолғы материалдық көмек төленді. Жергілікті тұрғындардан өтініш одан әрі қабылданып жатыр», - дейді Мамбетов.

Айта кетейік, Атырау облысында су тасқынынан қатты зардап шеккен аудандардың бірі осы Жылыой ауданы.