Қазақстанда су тасқынынан кейін 700 үй тұруға жарамсыз болып қалған

Azattyq Rýhy

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады

Қазақстанда су тасқынынан кейін 700 үй тұруға жарамсыз болып қалған
Фото: ТЖМ

18 сәуірдегі жағдай бойынша су тасқыны болған аймақтарда 2602 тұрғын үй тексерілген. Оның ішінде, 701 үй енді тұруға жарамайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ресми мәліметке сенсек, су тасқынында зақым келген 800-ге жуық үйді жөндеуге болады. 197 отбасы баспанасын жөндеу үшін өтемақы алып үлгерген.

«18 сәуірдегі жағдай бойынша, зардап шеккен өңірлерде 2602 тұрғын үй тексерілді. Соның ішінде 1499 үйдің жағдайы бағаланды. Анықталғандай, 794 үй жөндеуге келеді, 701 баспана енді тұруға жарамайды. Қазір 197 отбасыға баспаналарын жөндеу үшін жалпы сомасы 218,6 млн теңге өтемақы төленді. 33 отбасыға қираған үйдің орнына жаңа баспана және пәтерлер берілді», - деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Дереккөзге сүйенсек, су тасқынынан кейін 5,8 мыңнан астам отбасыға мемлекет қолдау көрсеткен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.