$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Педофилдер мен террористер елге кіре ала ма: Сенат құжатты Мәжіліске қайтарды

Сенат Заң арқылы көші-қонды бақылау саласындағы кейбір талаптар пысықталуы тиіс деп санаған

Педофилдер мен террористер елге кіре ала ма: Сенат құжатты Мәжіліске қайтарды
Фото: ortcom.kz

Сенаторлар Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнамаға түзетулерді енгізу жөніндегі заң жобасын Мәжіліске қайтарды. Құжатта педофилдер мен террористерге Қазақстанға кіруге тыйым салу туралы норма бар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 


«Осы Заң арқылы ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған шетелдіктердің Қазақстан Республикасына кіруіне тыйым салуға болатын дәлелдер қатары көбейді», - деп атап өтті сенатор Советбек Медебаев.

Жалпы, құжатты талқылау кезінде Сенатта мына өзгерістер ұсынылды:

  • Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 428-1-бабының 2-бөлігіне сәйкес өзінің лауазымдық жағдайын пайдалана отырып, қылмыс жасаған адамдар үшін бас бостандығынан айыру мерзімін 2 жылдан 5 жылға дейін ұзарта отырып, баламалы жазалау шаралары жойылады;
  • Бейнебақылау жүйелерін мақсатты түрде жойғаны немесе бүлдіргені үшін қылмыстық жауаптылықты енгізуге байланысты ҚР Қылмыстық-атқару кодексіне толықтырулар енгізілді;
  • Көші-қон саласындағы заңнаманың орындалуын мемлекеттік қадағалау туралы жаңа тарауды «Халықтың көші-қоны туралы» заңға енгізу шеңберінде белгілі бір баптар Кәсіпкерлік кодексінің және «Қазақстан Республикасының бизнесті жүргізуге қатысты кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның ережелеріне сәйкес өзгертілді.


Жаңа заңға сәйкес, балаларға қарсы жыныстық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар, сондай-ақ экстремистік немесе террористік әрекеттерге қатысы бар шетелдіктер Қазақстанға кіре алмайды немесе азаматтық ала алмайды. 

Тағы бір өзгеріс: қазақ ұлтына жататындығын анықтау және қандас мәртебесін алу рәсімі жеңілдейді. Оны енді жергілікті атқарушы органдар арқылы реттеуге болады. Қандас мәртебесін квота шеңберінде енді этникалық қазақтардың отбасы мүшелері немесе жесір қалған әйелдері, олардың ортақ балалары да ала алады. 

Заңға енген өзгерістерге сәйкес, шетелдіктер өтініш бойынша бір айдан бір жылға дейінгі мерзімге еңбек рұқсаттарын ала алады. Бұрын рұқсаттар қатаң белгіленген мерзімге, яғни, 1,2,3 немесе 12 айға берілген. Өзгерістер еңбек рұқсатын шетелдік азамат үшін тағы үш айға дейінгі мерзімге ұзартуға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары