15.04.2024, 13:13
Үкімет
Бектенов Оралда су тасқынының екінші толқынына дайындық барысын тексерді
Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады
Фото:Үкімет
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру үшін Орал қаласында жүр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Дереккөзіне сүйенсек, Олжас Бектенов өңірге келісімен Жайық өзенінің жағалауын нығайту және бөгет құрылыстарын салу жұмыстарының барысын тексерген.
“Сонымен қатар Олжас Бектенов жағдайды бақылау үшін өңір аумағында орналасқан су қоймаларының өзен арнасын тікұшақпен аралайды”,-деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, БҚО әкімінің баспасөз хатшысы аймақтағы жағдай бойынша дабыл қаққан.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге қарызы бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 23:47
Ақтөбелік әйел қытайлық күйеу жігітін алдап 30 миллион теңге мен алтын алған: полиция істі тоқтатты
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 15:20
Қызылодада мас ер адам қыздарды қорғаған жас жігітті пышақтап тастады
23.11.2026, 18:45
Домбыраны өз бетінше үйренген чилилік Мария Аргентина Муниос
