Қаражат Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінеді
Мессенджерлерде таралған 42 500 теңге төлеуге арналған қаражат зейнетақы жинақтарынан алынды деген ақпарат шындыққа жанаспайды, бұл фейк, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер төлеу үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қаражат бөлінді.
«Азаматтардың жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз», - деп ескертеді құзырлы министрлік.