$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.04.2020, 13:08
Үкімет

85,5 мың адам электронды цифрлық қолтаңбаны онлайн алған

Мұндай мүмкіндік заңды тұлғалар үшін де қарастырылған

85,5 мың адам электронды цифрлық қолтаңбаны онлайн алған
Фото: ашық дереккөзден

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов электронды цифрлық қолтаңбаны қашықтан ала беруге болатынын айтты.

«Соңғы жағдайға байланысты электронды цифрлық қолтаңбаны Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ алуға бола ма деген сұрақтар туындады. Біз бұл мәселені шештік. ЭЦҚ-ны электрондық түрде тұлғаны биометриялық сәйкестендіру және бір реттік пароль арқылы алуға болады. Бұл механизм іске қосылды және бүгінде 85 461 жеке тұлға қашықтан ЭЦҚ алып үлгерді», - деді ол.

Сондай-ақ вице-министр заңды тұлғалар үшін электронды цифрлық қолтаңбаны алудың механизмі жасалғанын айтып, жолын түсіндірді.

«1337 заңды тұлға ЭЦҚ-ны қашықтан алды. ЭЦҚ-ны компьютерден алғанда оның жарамдылығы бір жылды құрайды. Егер сіз жеке куәлігіңізді жазсаңыз, онда үш жылға дейін жарамды. Біз база бойынша қарап шықтық. Қазіргі уақытта 10 млн-ға жуық адамда ЭЦҚ бар екенін көріп отырмыз», - деді Абылайхан Оспанов.

Әсел Тұмашқызы, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары