$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.04.2020, 01:20
Үкімет

Алматыда 11 мыңнан астам адам азық-түлік сұрап жедел желіге хабарласқан

Олардың жартысына көмек көрсетілді

Алматыда 11 мыңнан астам адам азық-түлік сұрап жедел желіге хабарласқан

Алматыда карантин енгізілгеннен бері жедел телефон желісіне 11 мыңнан астам адам көмек  сұрап хабарласқан.  4 420 мүгедек, 1390 көпбалалы отбасы,  3324 зейнеткер және арнайы топқа жатпайтын 2080 адам тамақ жеткізіп беруді сұраған. Азық-түліктен тарығып, басқармаға - 5825, Опен Алматыға – 5193, Нұр Отан партиясына  – 196 адам хабарласқан. 11 мыңнан астам мұқтаж отбасы хабарласқанымен, тек жартысына ғана, 5,2 мың адамға көмек көрсетіліпті.  Мұқтаж жандарға  «Жаңа Алатау» қоры мен «Нұр Отан» партиясының демеушілік қаражаты есебінен азық-түлік жиынтығы және санитарлық-гигиеналық өнімдердің пакеттері берілген.

 «Бүгінгі таңда аталған себеттер мен жиынтықтарға тапсырыс келіп түскен 5,2 мың адам ие болды. Олардың қатарында үйде қызмет ететін жалғызбасты зейнеткерлер, 2019 жылдың аяғында АӘК алушылар, 2020 жылдың АӘК-тің жаңа талаптарына сәйкес келмейтін азаматтар, сенім телефонына өтініш бойынша басқа да мұқтаж азаматтар бар. Хабарласқан адамдардың 60% азық-түлік сұраса, тағы 30%-ын мемлекет бөлген 42 500 теңгені қалай аламыз деген сұрақтар мазалайды»,  - деді Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева. 

 «Біргеміз» қоғамдық қорынан шамамен 1,2 миллиард теңге бөлінбек. Оған халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 23 мыңнан астам адамға 50 мың теңгеден төленбек.   1-топтағы мүгедектер, мүгедек баланы күтумен айналысатын ата-аналар сияқты әлеуметтік осал топтың санатына жататын тұрғындарға «BizBirgemiz» қорынан көмек беріледі. Сонымен қатар республикалық бюджеттің есебінен  2 АЕК мөлшерінде төлемдер жасалады.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің төтенше жағдай режимі кезінде 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру тәртібі бекітілді. Бүгінгі таңда аталған азаматтарға кемінде 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Республикалық бюджет қаражатынан 244,1 млн теңге 43,8 мың адамға төленді. Еңбек министрінің бұйрығына енгізілген өзгерістерге байланысты 3 топ мүгедектерге , ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарға 2 АЕК мөлшерінде қосымша төлем жоспарланып отыр», - деді Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте басқарма басшысы. 

 Қазіргі уақытта табыстарынан айырылғандарға әлеуметтік төлемдерді төлеу үшін құжаттар қабылдау басталған. Бүгінге дейін табысынан айырылған 6 мыңнан астам қала тұрғыны 42 500 теңгені алып үлгерген. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін жәрдемақыны алу үшін 67 мың өтініш түскен.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы.

 

 

Серіктес жаңалықтары