$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Стихиялық қоқысқа жауапты әкімдер орынбасарларына сөгіс жариялауды ұсынамын – министр

Стихиялық қоқыс үйінді мен қалдықты реттеу инфрақұрылымын дамытуда бірқатар облыстар осалдық танытып отыр

Стихиялық қоқысқа жауапты әкімдер орынбасарларына сөгіс жариялауды ұсынамын – министр
Фото: elorda.info

Стихиялық қоқыстардың санын 2 есеге қысқарту бойынша жұмыстар жүйелі емес, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ұлытау, Алматы және Маңғыстау облыстары ең төмен нәтиже көрсетіп отыр. Аталған өңір әкімдеріне осы салаға жетекшілік жасайтын орынбасарларына қатаң сөгіс жариялауды тапсырамын», - дейді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, аудандар мен қалалардың 75%-і коммуналдық қалдықтарды реттеу бағдарламаларын әзірлеуге әлі кіріспеген. Ал орындау мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен.

«Мысалы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында және тағы да сол Маңғыстау облысында бірде-бір жоспар әзірленбеген. Сондықтан, аталған өңір әкімдері де   өздерінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарларына тапсырманы орындамағаны үшін сөгіс жарияласын. Енді бұл процесті әкімдердің өздері жеке бақылауда ұстауы тиіс. Министрлік сатып алу рәсімдеріне байланысты мерзімді келесі жылдың ортасына дейін ұзартуды сұрап отыр. Егер жұмыстар 1-ші сәуірге дейін аяқталмаса, тиісті тәртіптік шаралар қабылданатын болады. Жалпы, стихиялық қоқыстарды болдырмау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты қайта қарау қажет», - дейді министр.

Авторы: Еркежан АЙТҚАЗЫ 

Серіктес жаңалықтары