28.11.2023, 09:22
Үкімет
«Аурудың таралуын тоқтату керек»: Смайылов қызылша жайлы
Вакцина егуді күшейту көзделіп отыр
Фото: freepik.com
Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында қызылша асқынып кетсе, балалардың денсаулықтарына аса қауіп төндіретінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Сондықтан, онымен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып, күресуіміз қажет. Бала денсаулығы басты назарда болуы тиіс. Вакцина алудан басқа, мұндай қауіпті вируспен басқаша күресу мүмкін емес», - деді ол.
Смайылов екпе алуды күшейту қажеттігін айтты.
«Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер вакцина алудың қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Барлық әкімдер вакциналау мәселесін жеке бақылауда ұстап, Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмысты үйлестіруі қажет», - деді ол.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге қарызы бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 23:47
Ақтөбелік әйел қытайлық күйеу жігітін алдап 30 миллион теңге мен алтын алған: полиция істі тоқтатты
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 15:20
Қызылодада мас ер адам қыздарды қорғаған жас жігітті пышақтап тастады
23.11.2026, 18:45
Домбыраны өз бетінше үйренген чилилік Мария Аргентина Муниос
