04.11.2023, 09:30
Үкімет
ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды
Әлихан Смайылов Шанхайда 6-шы Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлихан Смайылов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянның келіссөздері барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылау жоспарлануда.
«Премьер-Министр Шанхайда 6-шы Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысады және басқа елдер делегацияларының басшыларымен бірге көрмедегі ұлттық павильондармен танысады» - делінген хабарламада.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)