Украинадан қазақстандық 76 азамат елге оралды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар Алматыға чартерлік рейспен жетті

Коронавирус инфекциясының жылдам тарауына байланысты ел азаматтарын шет елдерден қайтару жөніндегі шаралар шеңберінде 27 наурызда Украинадан Қазақстанға тағы 76 отандасымыз сәтті оралды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Осындай нәтижеге қол жеткізу үшін Елшілік дипломаттары ауқымды жұмыс атқарып, соның ішінде Қазақстанға қайтатын азаматтарымыздың тізімін әзірлеп, Киев – Алматы – Киев бағытында чартерлік рейс ұйымдастыру үшін тиімді әуе компаниясын анықтау, қазіргі әлемдегі қиын жағдайда логистика мәселесін шешу және басқа да көптеген ұйымдастыру шараларын жүзеге асырды», - делінген хабарламада.