Президент шағын және орта кәсіп иелерін қолдау шараларын айтты
Отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінеді. Сонымен қатар коронавирустан зардап шеккен шағын және орта бизнеске 1 трлн теңге бөдінеді. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
«Ұлттық банк қарыз алушыға қаражатты берудің нақты тәсілін ұсынуға міндетті. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру көлемі артып, отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінеді. Үкімет бұл қаражаттың мақсатқа сай игерілуіне жауап береді», - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар Президент коронавирустан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп шағын және орта кәсіп иелерінің айналым капиталы үшін 8% мөлшерлеме бойынша 1 жыл мерзімге 600 млрд тг сомаға жеңілдетілген несие беруді тапсырды.
Ұлттық банк қарыз алушыға қаражатты берудің нақты тәсілін ұсынуға міндетті. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру көлемі артып, отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінеді. Үкімет бұл қаражаттың мақсатқа сай игерілуіне жауап береді.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) March 19, 2020