Ералы Тоғжанов: Қазақстанда коронавирустан адам шығыны жоқ
Елде коронавирус жұқтырғандар саны 49 адамға жетті
Бүгін вице-премьер Ералы Тоғжанов Үкіметтің баспасөз орталығында онлайн-брифинг өткізіп, Қазақстанда коронавирусқа қатысты тарап кеткен әртүрлі алып-қашпа ақпараттарға сенбеуге шақырды.
«Коронавирус инфекциясы әлемнің 160 еліне тарағаны белгілі. Бүгінгі таңда елімізде 49 факт тіркеліп отыр. Қазір ел ішінде әртүрлі фейктер тарап, өлім шығыны туралы әртүрлі мәлімет айтылып жүр. Республикада ешқандай өлім жағдайы тіркелген жоқ», - деді Ералы Тоғжанов.
Айта кетейік, соңғы деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті. Бұған дейін ауру жұқтырғандар тек Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында тіркелсе, бүгін Қарағанды қаласынан екі адамның вирус жұқтырғаны мәлім болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, олардың жағдайы қанағаттанарлық.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан