«Мейрамханада 2 метр қашықтықты сақтау». Сауда министрлігі бірнеше талап енгізді

Автор: Azattyq Rýhy

Бақыт Сұлтанов карантин жағдайында сауда орындарына қойылатын талаптар мен шектеулерді жариялады

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен бұйрықпен «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Президент жарлығы қолданыста болатын кезеңде сауда объектілерінің жұмыс істеуі жөніндегі ұсынымдарын бекіткенін хабарлады.

Министрдің айтуынша, карантин режимі қолданылатын орындарда сауда нысандарының жұмыс істеуіне ерекше талаптар қойылады.

ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТА ТҰРУ ҚАЖЕТ ОБЪЕКТІЛЕР:

Азық-түлік емес сауда базарларын, ірі сауда-ойын-сауық орталықтарын, сауда-ойын-сауық орталықтарын, ірі сауда үйлерін, ірі сауда орталықтарын және олардың аумағында орналасқан және жеке орналасқан кинотеатрлар, балалар орталықтары, адамдар көп жиналатын кез келген басқа да ойын-сауық объектілерін, оларда орналасқан азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сату жөніндегі объектілерді қоспағанда, жабу.

ЖҰМЫС ІСТЕУІ ШЕКТЕЛГЕН САУДА ОБЪЕКТІЛЕРІ:

Аумағы 2000 шаршы метрден кем сауда объектілері (сауда орталықтары, гипермаркеттер, сауда үйлері, азық-түлік базарлары, супермаркеттер, шағын маркеттер, үй жанындағы дүкендер, басқа да бөлшек сауда объектілері) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін функцияларын толық орындай отырып, санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып жұмыс істейді, атап айтқанда:

1) жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін;

2) сатып алушыларға қолжетімді нан-тоқаш, кондитерлік және өзге де өнімдерді сатуды тек буып-түйілген түрде жүзеге асыру керек;

3) көкөністер мен жемістерді қоспағанда, буып-түйілген түрдегі тамақ өнімдерін өткізу;

4) күшейтілген дезинфекциялық режимді енгізу: әрбір 3 сағат сайын арнайы дезинфекциялық құралдармен үстелдерді, орындықтарды, эскалаторлардың тұтқаларын, баспалдақтарды, есіктерді, лифттер мен едендерді өңдеу;

5) келушілердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін барлық қолданыстағы кіреберістерде тепловизорлар орнату;

6) өз аумағына келушілерді тек бетперде киюге (маска болмаған жағдайда масканы тегін беруді қамтамасыз етуге) және келушілерге арналған коронавирустың алдын алу бойынша жадынамалар тарату;

7) қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, санитайзерлерде ұзақ микробқа қарсы әсері бар көпфункционалды антисептикалық затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беруді қамтамасыз ету;

8 ) объектілерді үнемі желдетуді қамтамасыз ету, сыртқа ауа алу жолымен үй-жайларды сүзуді және желдетуді арттыру;

9) олардың арасындағы кемінде бір метр қашықтықты сақтай отырып,

5 адамнан артық кезектің пайда болуына жол бермеу;

10) сауда объектілерінде жоғарыда көрсетілген тармақтардың сақталуын қамтамасыз ететін жауапты қызметкерлерді бекіту;

11) объектіге іргелес жатқан аумақты тәулігіне кемінде 1 рет дезинфекциялау құралдарымен өңдеу.

Сауда объектілерінің аумағында орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілеріне (фуд-корттар, мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар, аспаздар және т. б.) санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейту, атап айтқанда:

  • 1) өз жеткізу қызметінің немесе өзге де жеткізу қызметтерінің көмегімен тұтынушыға дейін тауарды (тағамдарды, сусындарды және басқаларды) жеткізу арқылы ғана қызметті жүзеге асыруға;
  • 2) персоналдың жұмыс барысында бір рет қолданылатын маскаларды пайдалану ұсынылады (маскаларды ауыстыру 3 сағатта 1 реттен кем емес);
  • 3) жедел респираторлық инфекция (жоғары температура, жөтел, тұмау) белгілері бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;
  • 4) қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, санитайзерлерде ұзақ микробқа қарсы әсері бар көпфункционалды антисептикалық затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беруді қамтамасыз ету;
  • 5) жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақтарын), түскі ас залы (асханаға) кіретін кезде қол жууға арналған раковиналарды, өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерін дезинфекциялаушы майлықтармен (немесе дезинфекциялаушы құралдардың ерітінділерімен) сүрту жолымен дезинфекциялаушы құралдарды қолдана отырып, үй-жайларды желдету және ылғалды жинау жүргізу;
  • 6) объектіге іргелес жатқан аумақты тәулігіне кемінде 1 рет дезинфекциялау құралдарымен өңдеу;
  • 7) күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізу: әрбір 3 сағат сайын арнайы дезинфекциялық құралдармен үстелдерді, орындықтарды, эскалаторлардың тұтқаларын, баспалдақтарды, есіктерді, лифттер мен едендерді өңдеу.

Қоғамдық тамақтану объектілерінің (кафе, мейрамханалар, барлар, асханалар және т. б.) жұмыс істеуін шектеу):

1) жұмыс уақыты сағат 22.00-ге дейіншектеу;

2) бір уақытта 50 адамнан аспайтын келушілердің санын шектеу;

3) қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, санитайзерлерде ұзақ микробқа қарсы әсері бар көпфункционалды антисептикалық затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беруді қамтамасыз ету;

4) күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізу: сағат сайын арнайы дезинфекциялық құралдармен үстелдерді, орындықтарды, эскалаторлардың тұтқаларын, сатылар мен есіктерді, лифттерді және әрбір үш сағат сайын едендерді өңдеу;

5) асханаларға келушілердің өзіне-өзі қызмет көрсету желісіне тыйым салу;

6) жедел респираторлық инфекция (жоғары температура, жөтел, тұмау) белгілері бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;

7) персоналдың келушілермен жұмыс істеу кезінде бір рет қолданылатын маскаларды пайдалануы ұсынылады (маскаларды ауыстыру 3 сағатта 1 реттен кем емес);

8 ) жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақтарын), түскі залға (асханаға) кіретін кезде қол жууға арналған раковиналарды, өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерін дезинфекциялаушы майлықтармен (немесе дезинфекциялаушы құралдардың ерітінділерімен) сүрту арқылы дезинфекциялаушы құралдарды қолдана отырып, үй-жайларды желдету және ылғалды жинау жүргізіледі.;

9) объектіге іргелес жатқан аумақты тәулігіне кемінде 1 рет дезинфекциялау құралдарымен өңдеу;

10) сауда және қоғамдық тамақтандыру объектілерінде (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да қызметкерлер) ауысымына кемінде екі рет ауыстыруға жататын оның ішінде тұтастығы бұзылған жағдайда бір реттік қолғаптармен халыққа қызмет көрсету;

11) мейрамханаларда, дәмханаларда, барларда, асханаларда және т. б. үстелдердің арасындағы 2 метр қашықтықты сақтау.

Қызмет көрсету саласы объектілерінің (сұлулық салондары, ателье және басқалар) жұмыс істеуін шектеу):

  • 1) қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, санитайзерлерде ұзақ микробқа қарсы әсері бар көпфункционалды антисептикалық затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беруді қамтамасыз ету;
  • 2) күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізу: әрбір 3 сағат сайын арнайы дезинфекциялық құралдармен үстелдерді, орындықтарды, эскалаторлардың тұтқаларын, баспалдақтарды, есіктерді, лифттер мен едендерді өңдеу;
  • 3) өз аумағына келушілерді тек бетперде киюге (маска болмаған жағдайда масканы тегін беруді қамтамасыз етуге) және келушілерге коронавирустың алдын алу бойынша жадынамалар тарату.