$ 518.21  590.09  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаржы министрі мемлекеттік және жергілікті бюджеттің қанша сомасы игерілмегенін айтты

Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген

Қаржы министрі мемлекеттік және жергілікті бюджеттің қанша сомасы игерілмегенін айтты
Фото ашық дереккөзден

Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік бюджеттің шығыстары туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,5%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 98,8%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,9%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 9 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 109 млрд теңгені құрады, оның ішінде 21 млрд теңге - үнемдеу. Игерілмегені - 88 млрд теңге. Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдердің ұзақ жүргізілуі; шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерінің ұзақ жүргізілуі, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің уақтылы қабылданбауы; орындалған жұмыс актілерінің, шот-фактуралардың уақытылы ұсынылмауы; есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы», - деді ол.

Сондай-ақ, министр жергілікті бюджеттердің шығыстары 4,4 трлн теңгені құрағанын айтты.

«Атқарылмағаны - 47 млрд теңге. Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 маусымға 641 млрд теңге бөлінген. Оның 97,8%-і игерілген. Игерілмегені – 14 млрд теңге. Ең көп игерілмеу:  Астана қаласында, Қарағанды, Жамбыл және Алматы облыстарында қалыптасты», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары