Коронавирус қаупіне байланысты Қазақстанда төтенше жағдай енгізілді
Бүгін Мәжілісте үкімет сағаты өтіп жатыр. Тақырып - елдің ішкі нарығын отандық өндірістің ауылшаруашылық өнімдерімен толықтыру бойынша қабылданып жатқан шаралар. Баяндама жасаушы – Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.
Күзет қызметі арнайы құрылғымен Парламент ғимаратына келгендердің температурасын өлшеп кіргізіп жатыр.
Қосымша есіктер жабылған, БАҚ өкілдері де, депутаттар да орталық есіктен кіреді. Ғимарат ішіне антисептиктер қойылған.
Медицина мамандары мұндай жағдайда барынша қол беріп амандаспауға кеңес беріп жүр. Бірақ Азат Перуашев пен Мұрат Теміржанов мұндай кеңеске құлақ аспақ түгіл, медициналық маска да тақпапты.
Ирина Аронова мен Зәуреш Аманжолова да бірін-бірі көптен көрмегендей амандасты.
Сауытбек Абдрахманов, Мансұрхан Махамбетов (қара маскада), Айгүл Нұркина, Фахриддин Қаратаев секілді депутаттар мектептегі үлгілі оқушылар сияқты медициналық маскасын тағып, оқшауланып отыр.
«Жаны тәтті» Жамалов. Бүгін Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтан әріптестері кеңес сұрап, «мынадай ерекше масканы қайдан сатып алғанын» сұраған болуы керек.
Бұған дейін Сенат депутаттары Azattyq Rýhy тілшісіне коронавирустан қалай қорғанып жүргені жайлы айтып берген еді.