$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.03.2020, 11:58
Үкімет

Қазақстанға құрғақ жемістің 100%-ы, көкөніс консервісінің 80%-ы сырттан келеді

Мәжілісте ішкі нарықтағы отандық өндірістің жайы сөз болды

Қазақстанға құрғақ жемістің 100%-ы, көкөніс консервісінің 80%-ы сырттан келеді
фото: landlord.ua

Бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағаты ішкі нарықты отандық өндірістің ауылшаруашылық өнімдерімен толықтыру бойынша қабылданып жатқан шараларға арналды. Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко азық-түліктің 11 өнімінің импортқа тәуелділігі жоғары екенін атап өтті.

Оның сөзінше, балықтың 73%-ы, ірімшік пен сүзбенің 49%-ы, шұжықтың 38%-ы, маргариннің 66%-ы, құрғақ жемістің 100%-ы, тауық етінің 45%-ы, жүзімнің 51%-ы, консервіленген көкөністің 80%-ы сырттан келіп жатыр.

Ал «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, Қазақстан сырттан сиыр етін алуға жыл сайын 81 млн доллар жұмсайды. Макарон сатып алуға $32 млн, қызанаққа $39 млн, пиязға $21 млн жаратады.

В. Божко импорттың тауар бағасына қалай әсер етіп жатқанын айтады.

«Сырттан келетін ірімшік 47%-ға, май 50%-ға, балық 42%-ға қымбаттады. Әрине, мұның бәрі алыпсатарлардың және доллар бағамының әсерінен болып отыр», - деді В. Божко.

Вице-спикер Қазақстанда тұрғындардың қалаға көшу динамикасының өсуі ауыл шаруашылығының дамуына тұсау болып отырған басты фактор екенін атап өтті. Себебі, 2010-2018 жылдар аралығында Қазақстанда ауылдан қалаға көшіп кеткендердің саны 1,2 млн адамға жеткен.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары