«Бірнеше мәселе бар»: министр маралдылықтардың проблемасына қатысты пікір білдірді

Аягөз Құрмаш

Жергілікті халық фабриканың салынуына қарсы болған

«Бірнеше мәселе бар»: министр маралдылықтардың проблемасына қатысты пікір білдірді
Фото: ҚР ИИДМ

Үкімет кулуарында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылының мәселесі бойынша пікір айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жалпы алтын зауыты бойынша осы апта емес, келесі аптада әкімдіктің өкілін, сонымен қатар, жергілікті халықпен қосымша кездесу өткіземіз. Содан соң ғана жауап береміз. Өйткені, бірнеше мәселе бар. Айтып жатқандарыңыз дұрыс, екі тарап бір-бірімен келісімге келіп тұрған жоқ. Сондықтан бәрінің басын қосып, жауап береміз. «Нақты шешім қабылданды» деп айта алмаймын. Шамалы сабыр сақтаңыздар. 15-не дейін (мамырдың) бәрінің басын қосып, содан кейін қосымша айтамыз», - деді Қарабаев.

Осыған дейін Azattyq Ruhy тілшісі бұл мәселені кеңінен жазған еді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.