Мекенжай анықтамасының орнын қандай құжат басады?
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарушы директоры Мұрат Жұманбай жауап берді
Департамент басшысы алдағы күндері мемлекеттік реестрден алынатын құжатқа қатысты көпшілік тарапынан жиі қойылатын бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Мекенжай анықтамасы қашан жойылады?
1 қарашадан бастап «Мекенжай анықтамасы» мемлекеттік реестрден мүлде алынып тасталады.
Мекенжай туралы мәліметтерді қалай, қайдан көруге болады?
Тұрғылықты мекенжай жөніндегі мағлұматты egov.kz электронды үкімет порталы мен eGov mobile қосымшасындағы жеке кабинет арқылы тексеруге болады.
Мемлекеттік органдар мен өзге заңды тұлғалар бұл мәліметті қайдан алады?
Мемлекеттік органдар мекенжай деректерін ішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелер арқылы алатын болады. Басқа ұйымдар, соның ішінде жеке компаниялар egov.kz электрондық үкімет порталындағы үшінші тұлғаларға анықтама беруге мүмкіндік беретін сервисті пайдалана алады. Бұл тек азамат бір рет ақпарат алуға рұқсат беретін SMS-ке келісім бергенде ғана жүзеге асатын операция