Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағамен жекенің қолына өтіп кеткен – Үкімет комиссиясы

Azattyq Rýhy

Үкіметте мұнай-газ активтерін төмендетілген бағамен сату мәселесі қаралды

 

Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағамен жекенің қолына өтіп кеткен – Үкімет комиссиясы
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай-газ саласындағы маңызды инфрақұрылымдық объектілерді жеке меншікке берудің заңдылығы мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жиында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін ірі компанияның осыдан бірнеше жыл бұрын жеке меншікке сатылғаны айтылды. Комиссия тапсырмасымен жүргізілген тексеру активтің төмендетілген бағамен жекенің қолына өтіп кеткенін анықтады», - делінген хабарламада. 

Премьер-министр құзырлы мемлекеттік органдарға осы мәселені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында пысықтауды тапсырды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.