Сондай-ақ, шетелден Қазақстанға келетін қатынас түрлерінің бірқатары тоқтатылды
«Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы коронавирустың кең таралуына байланысты қызметкерлердің іс-сапарларына шектеу қойып, алдын алу шараларын жүргізуде. Бұл туралы бүгін компанияның басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген есебінде айтты.
Мемлекет басшысына ұлттық мұнай-газ компаниясының 2019 жылғы жұмыстарының қорытындылары және алдағы кезеңге арналған даму жоспарлары жөнінде баяндалды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазмұнайгаз» ҰК акционерлік қоғамының қатысуымен жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалар, әлемнің көптеген еліне коронавирус індетінің таралуына байланысты компанияның қабылдаған шаралары туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар компанияда қызметкерлердің шетелдік іссапарларына шектеу қойылып, өндіріс орындары мен офистерде алдын алу шаралары қабылданған», - делінген аталған хабарламада.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы вирустың өндіріс үдерісіне және инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына кері әсерін азайту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.