Табиғи газ өндірісі 2% өсті: мегаполистерді газдандыру қарқынмен жүріп жатыр
Алматыда газға қосылу 0% несиеге мүмкін болады, Нұр-Сұлтан 2023 жылға қарай толық газдандырылады
2019 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында табиғи газ өндіру көлемі 56,4 млрд текше метрді құрады — өткен жылмен салыстырғанда 1,7% - ға артық. Оның ішінде ілеспе мұнай газын өндіру көлемі 34,3 млрд текше метрді (+4,4%), ал газ түріндегі табиғи газ — 22,2 млрд текше метрді (-2,2%) құрады, деп хабарлайды Energyprom.kz.
«Табиғи газ өндірудің өсуі үш облыста байқалды: Атырау (6,1% - ға, 25,1 млрд текше метрге дейін), Ақтөбе (1,5% - ға, 7 млрд текше метрге дейін) және Жамбыл (0,3% - ға дейін. Ал Батыс Қазақстан облысында өндіріс көлемі жылына 2,2%-ға, 19,6 млн текше метрге дейін қысқарды», - делінген хабарламада.
Биыл қаңтар айында өндіріс көлемі 5,2 млрд текше метрге жетті. Өткен жылмен салыстырғанда 2,3% - ға артық. Ал табиғи газ өндірісінен табыс 32,3 млрд теңгені құрады, былтыр ол 35,7 млрд теңге болған.
«Соңғы тұтынушы үшін тарату желілері арқылы тасымалданатын табиғи газдың бағасы бір ай ішінде өзгерген жоқ және 2020 жылғы қаңтарда орташа есеппен 1 текше метр үшін 18,7 тг құрады. Бір жыл бұрынғы бағадан 5,7% - ға кем», - екенін жазады.
Сұйытылған газ бір айда 1,9% - ға, 1 кг үшін 152,2 тг - ге дейін, бір жылда 2,6% - ға арзандады. Сонымен қатар баллондардағы сұйытылған газдың бағасы бір ай ішінде 5,4% - ға, 50 л үшін 2825 теңгеге дейін өсті.
Айта кету керек, екі ірі мегаполисте үйлерді газдандыру бойынша белсенді жұмыс жүргіп жатыр. Атап айтқанда, Алматыда «Самұрық-Энерго» биыл наурыз-сәуір айларында Алматы ЖЭО-2 жаңғырту жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеудің және оны газға көшірудің алдын ала нәтижелерін алуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, Алматы қаласы әкімдігі Халық Банкімен Алматы тұрғындарын газбен жылытуға арналған жабдықтарға қосу үшін 0% - ға кредит беру мүмкіндігі туралы келісімге қол жеткізді.
Нұр-Сұлтанда газдандыру 2020-2023 жылдарда үш кезеңде өтеді. Келесі жылыту маусымында ЖЭО-1, 2, 3, Көктал-1, 2, Агрогородок, Промышленный, Железнодорожный, Оңтүстік-Шығыс аудандырында газ болады деп жоспарланған. Естеріңізге сала кетейік, Астана әкімдігінің мәліметінше, тек ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қысқы кезеңде 3 миллион 800 мың тонна көмір, жеке сектор — 500 мың тонна көмір тұтынады. Яғни 4,5 миллион тоннаға жуық көмір жағылады, бұл атмосфераға 40 мың тонна зиянды қалдық шығады деген сөз.