$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«71 млрд теңге игерілмеді»: Жамаубаев бюджетті игермей отырған министрліктерді атады

Қаржыны игермеудің негізгі себептері айтылды

«71 млрд теңге игерілмеді»: Жамаубаев бюджетті игермей отырған министрліктерді атады

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев республикалық бюджет шығысы 94,7 пайызға жеткенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 93,5%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 94,7%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 96,3%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 1,5 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді. Атқарылмаған жұмыстар сомасы 84 млрд теңгені құрады, оның ішінде 13 млрд теңге үнемделген. Игерілмегені – 71 млрд теңге», - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.

Жамаубаев ең көп игерілмеген сома Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Экология және табиғи ресурстар, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінде қалыптасқанын айтты.

«Қаржыны игермеудің негізгі себептері: төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауы немесе ұсынылмауы, шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөнінде нормативтік құқықтық актілерді уақытылы қабылдамау, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақытында ұсынбау, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Серіктес жаңалықтары