$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үкімет «АрселорМиттал Теміртаудан» өндірісті жаңғыртуға қаржы бөлуді талап етті

Қазақстанда барлық жер қойнауын пайдаланушыларға қойылатын талаптар күшейтіледі

Үкімет «АрселорМиттал Теміртаудан» өндірісті жаңғыртуға қаржы бөлуді талап етті
Фото: kapital.kz

Қазақстан үкіметі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясынан өндірісті жаңғыртуға қаржы бөлуді талап етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

ҚР Үкіметінің басшысы Әлихан Смайыловтың айтуынша, жақында келісімшарт қайта қаралған.

«Жақында осы компанияның көмір өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану келісімшартын қарау барысында біз бірінші қосымша талапта көмір өндірісін жаңғыртуға жыл сайын кемінде 150 миллиард теңге көлемінде инвестиция бөлу қажеттілігі туралы жазған болатынбыз. Сондай-ақ көмір қабаттарын газсыздандыруға 37 млрд теңге бөлуі тиіс», - деді Әлихан Смайылов Сенат отырысында.

Үкімет басшысы аталған компанияға ғана емес, Қазақстанның барлық жер қойнауын пайдаланушыларына қойылатын талаптарды күшейту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Сенат спикері Мәулен Әшімбаев 2022 жылдың маусымында бір топ сенатор еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатайтатын заң жобасын дайындағанын айтты. Оның ішінде инспекторлардың өкілеттіктері, мүмкіндігінше жоспардан тыс тексерулер де бар.

«Қосымша ұсыныстарды дайындау аясында сенаторлар түзетуін ескеруді сұраймыз. Барлығы бірлесе жұмыс істеп, осындай төтенше жағдайлар мен қайғылы оқиғаларға жауапкершілікті күшейтетін нормаларды қабылдауы қажет. Бұл нормалар Қазақстанда мұндай оқиғалар ешқашан қайталанбауы үшін жұмыс істейді деп сенейік», - деді Мәулен Әшімбаев.

Еске салсақ, 3 қарашаға қараған түні Ленин атындағы шахтада бұрғылау жұмыстары кезінде жарылыс болып, 5 жұмысшы қаза тапқан болатын. Оқиға орнынан 106 кенші эвакуацияланды.

Серіктес жаңалықтары