Мемлекеттік мекемелер 13 млд теңгеге отандық тауар сатып алған

Автор: Azattyq Rýhy

Жергілікті үлес 3,2 пайызға көбейген

Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен холдингтердің жергілікті  тауарлар мен  қызметтерді сатып алуының көлемі 2019 жылдың 9 айында 13 559,4 млрд теңгені құрады деп хабарлайды Azattyq Rýhy Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«Жергілікті тауарлармен  қамту  бойынша, өңірлер рейтингісінде  Алматы облысы (59,6 %), Алматы қаласы (47,7 %), Солтүстік Қазақстан облысы (47,6 %) және Нұр-Сұлтан қаласы (43,3%) алда келеді. Жергілікті қамту үлесі 3,2%  өсті»,-делінген баспасөз хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше, 2019 жылғы сатып алу талдауының қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіптегі жергілікті қамту үлесі-47%, жиһаз саласында - 56%, құрылыс материалдары өндірісінде - 50% құраған.