$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.02.2020, 12:39
Үкімет

Биыл Қазақстанда 730 мың шаршы метрден астам баспана беріледі

Осы айда 3161 жеке үй салынып бітті

Биыл Қазақстанда 730 мың шаршы метрден астам баспана беріледі
фото: kapital.kz

Мұндай ақпаратты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі берді. Ведомствоның хабарлауынша, еліміздің 10 өңірінде пайдалануға берілген баспана көлемі артқан.

«2020 жылдың қорытындысында республика бойынша 731,7 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілді. Жалпы алғанда елімізде бұл айда 5 581 баспана, оның ішінде 3161 жеке үй салынып бітті. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10 өңірде пайдалануға берілген баспана көлемі артты. Олардың арасында Қызылорда облысы (183,7%), Алматы облысы (162,6%) және Қостанай облысы (142,5%) көш басында келеді», - делінген хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша, 2020 жылдың қаңтар айында құрылыс бойынша жеке көлем индексі 112,5% құрады. 9 өңірде оң серпін байқалады. Көш басында Түркістан (179,5%), Атырау (161,6%), Қостанай (160,4%), Қарағанды (127,6%), Павлодар (121,6%) облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы (125,1%).

Серіктес жаңалықтары