Жанат Жахметова Энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Ол бұған дейін «Зерде» ҰИХ басқарма төрағасының орынбасары болған

Жанат Жахметова Энергетика вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 5 ақпандағы Қаулысымен Жанат Зарубекқызы Жахметова энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлайды.

Ж. Жахметова 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін және Абердин университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ЖФ сынақ зертханасының жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеген.

  • 2014-2016 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің ақпараттандыру саласындағы Мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы қызметін атқарды.
  • 2016 жылғы маусымнан 2017 жылғы шілде айына дейін — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары.
  • 2017 жылғы шілдеден қазіргі таңға дейін «Зерде» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір күн бұрын Үкімет қаулысымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.