Қазақстанда әскерлердің жауынгерлік даярлығын арттыру шаралары өтеді
Қарулы күштерінде жеке құрамның орнын ауыстыру шаралары жоспарлы түрде өткізіледі
Қазақстанның Қарулы күштерінде жеке құрамның орнын ауыстыруға, оқытуға, жаттықтыруға байланысты әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік даярлығын арттыру шаралары жоспарлы түрде өткізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы күндері Қорғаныс министрлігі Әскери колледжінің оқушыларына практикалық сабақтар өткізу үшін Семей гарнизонынан Щучинск қаласына әскери техника жөнелтілді.
Үстіміздегі жылдың 25 ақпаны мен 3 наурызы аралығында Қарағандыдан Гвардейск гарнизонына, сондай-ақ Алматыдан Ақтау гарнизонына әскери техника жіберілді.
1-4 наурыз аралығында Шымкенттен Таразға, Түркістанға, «Айша-бибі» полигонына және кері бағытта Қарулы күштерге тиесілі техникалардың қозғалысы жоспарланып отыр.
Аталған кезеңде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін әскери техникаларды темір жол көлігімен Батыс Қазақстаннан елдің оңтүстік бөлігіне жоспарлы түрде жеткізу іске асырылу үстінде.