Ұлттық статистика бюросының басшысы халық санағы сәтті аяқталғаны үшін Маминге алғыс айтты
2018 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі кезеңде халық санағын жүргізуге ел бюджетінен 9,1 млрд теңге бөлінген
Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Ұлттық халық санағының сәтті аяқталуына байланысы Үкімет басшысы Асқар Маминге алғыс айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Асқар Ұзақбайұлы, осындай ауқымды іс-шараны өткізуге жәрдем көрсеткеніңіз үшін ең алдымен сізге алғыс білдіргіміз келеді. Халық санағын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін Әлихан Асханұлы (Смайылов) басшылығымен арнайы комиссия мүшелерінің, орталық мемлекеттік органдар мен өңірлік әкімдіктердің жұмысын атап өткіміз келеді», − дейді бюро басшысы.
Айта кетерлігі, санаққа халық жаппай атсалысқан. Оның ішінде онлайн сауалнамадан халықтың 42,5% өтсе, ал жаппай аралап шығу арқылы санақпен 57,5% адам қамтылды.
Бұған дейін белгілі болғандай, 2018 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі кезеңде халық санағын жүргізуге ел бюджетінен 9,1 млрд теңге бөлінген.
Еркежан Айтқазы, Нұр-Сұлтан қаласы