ШұғылАлматыда ағаштарды заңсыз кескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Білім және ғылым вице-министрі болып Мирас Дәуленов тағайындалды

Ол бұған дейін М.С.Нәрікбаев атындағы Мемлекеттің заң университетінде жұмыс істеген

Мирас Мұхтарұлы Дәуленов ҚР Білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды деп хабарлады Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Мирас Дәуленов 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған, құқықтану магистрі, құқық саласындағы доктор (PhD).

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары заңгер ретінде жеке секторда жұмыс істеген. 

2012 жылғы тамызда «Қазақ Гуманитарлық Заң университеті» АҚ Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі лауазымына тағайындалды. 

2015-2018 жылдары — М.С.Нәрікбаев атындағы Мемлекеттің заң университетінің С.Зиманов атындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер академиясының директоры – Басқарма төрағасының орынбасары.                    

2018 жылдан бастап қазіргі таңға дейін М.С.Нәрікбаев атындағы Мемлекеттің заң университетінің С.Зиманов атындағы құқықтық және экономикалық зерттеулер академиясының директоры.