$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.09.2021, 17:32
Үкімет

Мұғалімдерді санақ жұмыстарына тартқандар жазаланады – Асхат Аймағамбетов

«Педагогтар мәртебесі туралы» заңға сәйкес, тиісті айыппұл ескерілген

Мұғалімдерді санақ жұмыстарына тартқандар жазаланады – Асхат Аймағамбетов
фото: Асхат Аймағамбетов

Мұғалімдерді санақ жұмыстарына тартқандар тиісті жазасын алады. Бұл туралы Үкіметте өткен онлайн баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Министр санақ жүргізу мен басқа да мәселелер мұғалімге тән емес жұмыс болғаннан кейін, ондай тапсырма беруге ешкімнің құқығы жоқ екенін айтты. Сондықтан бұл мәселеге қатысты расталатын фактілер болса, онда жауаптылар заң жүзінде тиісті жазасын алады.

«Педагогтарды өзіне тиеселі емес жұмыстарға тартқаны үшін біраз директорлар жұмысынан босатылды, біраз әріптестерімізге тиісті шара қолдандық. Егер осындай фактілер шын мәнінде болып, олар расталып, бізге тиісті ақпарат келсе, онда қатаң шара қолданылады», - деді ведомство басшысы.

Ведомство басшысының айтуынша, «Педагогтар мәртебесі туралы» заңға сәйкес, тиісті айыппұл ескерілген.

Серіктес жаңалықтары