$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.09.2021, 09:48
Үкімет

Коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеді – Алексей Цой

Бес өңір «сары» аймаққа енді

Коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеді – Алексей Цой
Алексей Цой, фото: ашық дереккөзден

Әлемде КВИ жұқтырғандар саны 224 млн адамды құрайды. Ал тәулігіне 300 мыңнан астам жағдай тіркелуде. 4,6 миллионнан астам адам қайтыс болды. ДДҰ Еуропалық аймағының деректері бойынша, соңғы екі аптада 54 елдің 26 елінде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Десе де, Қазақстанда соңғы екі аптада КВИ жұқтыру көрсеткіші өсуі 35%-ға төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Соңғы аптада Қазақстанда сырқаттанушылық деңгейі аптасына 31 мыңнан 25 мыңға дейін (14%) төмендеді.

«Соңғы екі аптада республиканың 5 өңірі «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа көшті, олар: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта Түркістан облысы орналасқан. Қалған 11 аймақ әзірге қызыл аймақта», - деді Алексей Цой.

Бүгінде республика бойынша инфекциялық және реанимациялық төсек-орындардың 35%-ы қолданыста. Жалпы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты өңірлерде инфекциялық төсектерді қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде

«25 тамыздан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Атырау, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарында КВИ жұқтырған науқастарды емдеу үшін инфекциялық бөлімшелер/төсектер орналастырылған 57 нысан жабылды», - деді министр.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7,1 млн жуық, екінші компонентін 6 млн адам алды.

Сондай-ақ, жиында Үкімет басшысы Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында вакцинамен қамтуды ұлғайту жөніндегі жұмысты күшейту қажет екенін атап өтті.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары