QazVac вакцинасының 300 мың валидациялық сериясы шығарылды
Вице-премьер Ералы Тоғжанов «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының жұмысымен танысты. Кәсіпорында медициналық вакциналарды, соның ішінде QazVac екпесін шығарудың толық циклі бойынша екінші өндірістік алаңды әзірлеп, іске қосылды.
Осы мақсатта Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жеңілдетілген несие бойынша вакцина өндіруге арналған жаңа технологиялық жабдықтар сатып алынды.
Қыркүйек айындағы жағдай бойынша, «Антиген» алаңында QazVac вакцинасының 300 мың валидациялық сериясы шығарылды.
«Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны «OtarBioPharm» ЖШС жанындағы биофармацевтикалық зауытпен қатар БҚПҒЗИ әзірлеген QazVac вакцинасын шығару бойынша екінші өндірістік алаңға айналды.