Астықты сатып алу бағасы 2020 жылғы сатып алу бағасынан 24%-ға жоғары
Азық-түлік корпорациясы форвардтық сатып алу шарттары бойынша астықты қайтаруды қамтамасыз ету үшін келесі бағаларды жариялады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
«Азық-түлік корпорациясы ағымдағы нарық конъюнктурасына сәйкес әділ нарықтық баға белгіледі, бұл ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге қуаңшылық пен өнімділіктің жалпы төмендеуіне байланысты шығындарды өтеуге мүмкіндік береді», - делінген АШМ хабарламасында.
Министрлік мәліметіне сүйенсек, биыл астықтың барлық көлемі ішкі нарыққа негізгі өнімдердің бағасын тұрақтандыру мақсатында бекітілген баға бойынша ұн зауыттарына, құс және мал шаруашылықтарына жіберілетін болады.
2021 жылғы жарияланған астықты сатып алу бағасы 2020 жылғы сатып алу бағасынан 24%-ға жоғары.
Биылғы астықты сатып алу бағасы төмендегідей: