Қорғаныс министрі оқ-дәрі сақтайтын екі базаның құрылысын жеделдетуді тапсырды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталмыш нысандардың құрылысы 2019 жылғы кешенді жоспарда қарастырылған екен

Нұрлан Ермекбаев, Қорғаныс министрі

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев лауазымды тұлғаларға оқ-дәрілерді сақтайтын екі базаның құрылысын ұйымдастыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Аталмыш нысандардың құрылысы 2019 жылғы ҚР Қарулы күштердегі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін жетілдірудің кешенді жоспарында қарастырылған.

Объектілердің құрылысы оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтаудың барлық жолын ескере отырып ұйымдастырылған. Сондай-ақ, күзеттің техникалық құралдары, бейнебақылау және автоматты өрт сөндіру жүйелері көзделген. Онда Қорғаныс министрлігінің бастамасымен 2020 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес қоймаларды елді мекендерден алшақтату, сондай-ақ арсеналдар мен базалар жанындағы тыйым салынған аймақтар мен аудандардың шекараларын сақтау да ескерілген.

Айта кетейік, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев 9 адамның өліміне әкеп соққан, 90 шақты адамның зардап шегуіне жеткізген (соңғы мәлімет) Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді