$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.08.2021, 14:33
Үкімет

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеді

Ғалымжан Пірматов 2017 жылы «Қазатомөнеркәсіп» басқарма төрағасы болып тағайындалды

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеді
Ғалымжан Пірматов, фото: kazatomprom.kz

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Олжаұлы Пірматов 2021 жылдың 02 қыркүйектен бастап өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеді. Енді басқарма төрағасының міндетін ЯОЦ жөніндегі бас директоры Мәжит Бейсембайұлы Шәріпов атқарады.

Мәжит Шәріпов 2015 жылдан бастап «Қазатомөнеркәсіпте» түрлі лауазымдарды атқарған және қазіргі уақытта ЯОЦ бойынша бас директор. Ол жеке секторда түрлі лауазымдарда, оның ішінде ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің ядролық энергетика және атом өнеркәсібі департаментінің директоры, ҚР Атом энергиясы агенттігінің атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры және Атом энергиясы комитетінің төрағасы лауазымдарында 31 жылдан астам жұмыс атқарған.

Серіктес жаңалықтары