ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 870 мыңнан асты

МКК қазақ-қырғыз шекарасында автокөлік құралдарының не себепті жиналғанын түсіндірді

Қазақстан-қырғыз шекарасындағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Көрнекі фото: sputniknews.kz

Әлеуметтің желілерде Қырғыз Республикасының аумағында «Ақ Тілек автожол» автомобиль өткізу пунктінің (Қазақстан тарапынан шектес өткізу пункті – «Қарасу») алдында жүк автокөлік құралдарының жиналуы туралы ақпарат пайда болды.

 Осыған байланысты ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді.

«2021 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша Қырғыз Республикасы тарапынан «Қарасу» өткізу пунктіндегі жүк автокөлік құралдарының саны 50-80 бірлікті құрайды, бұл жеміс-көкөніс өнімдерінің  пісетін маусымын ескере отырып, көрсетілген өткізу пункті үшін штаттық жағдай болып табылады», - делінген жауапта.

Жалпы, қазақстан-қырғыз шекарасындағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді, Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері толық көлемде жұмыс істеп тұр.

Орта есеппен бір тәулік ішінде Қазақстан аумағына Қырғызстаннан 300-350 автокөлік құралымен тауарларды әкелу жүзеге асырылады.