Арман Қожахметов Мәжіліс комитетінің төрағасы болып сайланды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған дейін Мәжілістегі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болған Қанат Мусин Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайланды.

Арман Қожахметов, фото: parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасына депутат Арман Қожахметовтің кандидатурасын ұсынды.

«Білікті әрі сауатты заңгер Арман Төлешұлын сіздер жақсы білесіздер, ол осы салада ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Ол үш шақырылымның депутаты, соның ішінде Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болған, осы комитеттің жұмысын жақсы біледі, жеткілікті тәжірибесі мен білімі бар. Арман Төлешұлының кандидатурасы қызметке тағайындауға сәйкес келеді деп есептеймін», - деді Мәжіліс төрағасы.

Бұған дейін Мәжілістегі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болған Қанат Мусин Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайланды. Оның Мәжілістегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.