$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.06.2021, 12:14
Үкімет

Владимир Божко жаңа лауазымға тағайындалды

Экс-депутат жаңа қызметіне 2021 жылдың 1 маусымынан бастап кіріскен

Владимир Божко жаңа лауазымға тағайындалды

Әр жылдары ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары, Төтенше жағдайлар министрі, Мәжіліс депутапты болған Владимир Божко Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы бақылау кеңесі төрағасының орынбасары болды.

Экс-депутат бұл қызметке 2021 жылдың 1 маусымынан бастап кіріскен.

Владимир Божко 1949 жылы 16 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1971 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 1976 жылы КСРО МҚК жоғары курстарын бітірген.

1973-1975 жылдары Алматы электротехникалық зауытының слесарь-сантехнигі, инженері, аға шебері.

1975-1976 жылдары Минск қаласы КСРО МҚК жоғары курстарының тыңдаушысы.

1976-1989 жылдары ҚазКСР МҚК-ның жедел өкілі, аға жедел өкілі, 2-ші басқармасы бөлімшесінің бастығы, инспекция инспекторы, 3-ші басқармасы бөлімінің бастығы.

1989-1991 жылдары МҚК Целиноград облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары.

1991-1993 жылдары Көкшетау облысы МҚК-ҚР ҰҚК басқармасының бастығы.

1993-1994 жылдары МҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы.

1994-1997 жылдары ҚР ҰҚК Экономикалық қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлыққа, контрабандаға және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бас басқармасының бастығы.

1997-1999 жылдары ҚР ҰҚК 2-ші департаменті бастығының бірінші орынбасары, бастығы

1999-2001 жылдары тау-кен фирмасының вице-президенті, оның Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің директоры.

2001-2007 жылдары ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары.

2007 жылғы қыркүйек-қараша аралығында ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары.

2007-2014 жылдары ҚР Төтенше жағдайлар министрі.

2014 жылдың 13 тамыз 25 наурыз аралығында – ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары.

2016-2021 жылдары Мәжіліс депутаты болды.  

Серіктес жаңалықтары