Асқар Мамин 2019 жылдан бастап ҚР Үкіметін басқарып келеді
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминді «Достық» орденімен марапаттады.
«Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану, халықтар арасындағы достықты нығайту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Мамин Асқар Ұзақпайұлы Мамин «Достық» орденімен марапатталсын», - делінген құжатта.
Асқар Мамин 2019 жылдан бастап ҚР Үкіметін басқарып келеді. Әр жылдары ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары, Көлік және коммуникация министрі, Астана қаласының әкімі, ҚТЖ басқарма төрағасы лауазымдарын атқарды.