$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.06.2021, 15:57
Үкімет

Қазақстан «Спутник V» мен Hayat-Vax вакциналарының дозасын қаншадан сатып алып отыр

Ресей басында «Спутник V» екпесінің дозасын 21 доллардан сатқан

Қазақстан «Спутник V» мен Hayat-Vax вакциналарының дозасын қаншадан сатып алып отыр
көрнекі фото

Қазақстандағы қолжетімді вакциналардың қатары төртеуге жетті: отандық QazVac, ресейлік «Спутник V», Hayat-Vax және CoronaVac екпесі.

«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев Қазақстан Hayat-Vax вакцинасының дозасын 31 доллардан сатып алып жатқанын мәлімдеді.

«Нарықтағы бағасы одан да жоғары. Беларусь елі де осы бағамен сатып алды. Өндіруші елдер бағаны ресми түрде ұсынады. Бізге коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ВАК арқылы көлемі мен бағасы, аванстар бойынша тапсырма беріледі. Біз сол тапсырма негізінде сатып аламыз», - деді басқарма басшысы.

Ал, ресейлік «Спутник V» вакцинасының әр дозасы 21 доллар тұрады.

«Басында Ресей тарапы жариялаған баға қазіргіден жоғары болатын. Кейін 21 долларға дейін түсірді. Осы бағаны сақтап отырмыз. Қарағандыдағы фармацевтикалық кешен осы баға бойынша жетізеді. Ал басында бір дозасы 26 доллар болатын», - деді ол.

CoronaVac - Қытайдың Sinovac Biotech Ltd биофармацевтикалық компаниясының өндіретін екпе.

Hayat-Vax - Қытайдың технологиясы бойынша БАӘ-де өндірілетін екпе.

«Спутник V» - Қазақстанда қолжетімді болған алғашқы вакцина. Ресейлік вакцина Қазақстанда да өндіріледі.

Серіктес жаңалықтары