«СК-Фармацияның» басқарма мүшелеріне биыл сыйақы мен бонус берілмейді

Автор: Azattyq Rýhy

Басқарма қызметкерлері үшін биыл 179 миллион теңге сыйақы бөлінген

«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев қызметкерлерге сыйақы беру үшін 179 миллион теңге бөлінетінін айтты. Алайда, басқарма төрағасына биыл сыйақы мен бонустар бұйырмайын деп тұр.

«Өткен жылдан бастап біз қайта жүктеу бағдарламасын бастадық және әкімшілік шығындарды үнемі оңтайландыруды жүргізіп келеміз. Атап айтқанда, шығындарды үнемдеу сомасына қол жеткізілді - 239 миллион теңге. Байланыс қызметтері бойынша шығыстар қысқартылды, имидждік шығыстар толығымен алынып тасталды. Министрліктің тапсырмасы бойынша үй-жайды жалға алу бойынша біз оның құнын 7000 теңгеден 5990 теңгеге дейін төмендеттік (шаршы метр үшін - ред.). Бұл нарықтағы баға. Біз екі автокөлікті жалға аламыз, бұл сомаға жүргізушілердің жалақысы, қызмет көрсету, ЖЖМ кіреді, сома былтырғы жылдан жоғары емес.

«СК-Фармация» ЖШС-ға биыл сыйақы ретінде 179 миллион теңге бөлінеді. Бұл – медициналық ұйымдар бойынша стандарт сома. Бірақ сыйлық басқарма мүшелеріне қатысты емес», - деді Есқалиев.

Оның айтуынша, компанияда әлі аяқталмаған тергеуге байланысты Басқарма мүшелеріне жыл сайынғы бонус та төленбейді. Сондай-ақ, «СК-Фармация» басшысы ай сайынғы жалақысы жайында да айтты.

«Жалақым бойынша әрдайым ашық айтамын. Менің айлығым – 1 300 000 теңге. Қолыма тиетіні - миллион теңгеден аз, - деді басқарма төрағасы.

Еске сала кетейік, былтыр 14 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төтенше жағдай кезінде медициналық бұйымдарды сатып алу барысында өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша «СҚ-Фармация» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы ұсталып, Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Биыл 21 сәуірде «СҚ-Фармация» компаниясының бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты сотта ала тыңдау басталды. Сегіз айдан бері қамауда отырған экс-басшы өзін босатуды сұрады.