Қазақстанда Жошы Ұлысын зерттейтін ғылыми институт құрылады

Автор: Azattyq Rýhy

Кәсіпорын қызметінің негізгі пәні - Алтын Орда тақырыбы

көрнекі сурет

«Ашық НҚА» порталында «Жошы Ұлысының ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы Үкімет қаулысының жобасы жарияланды.

«Жошы Ұлысының ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) оның жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен құрылсын», - делінген құжатта.

Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын басқару жөніндегі уәкілетті орган - Ғылым комитеті.

Кәсіпорын қызметінің негізгі пәні - Алтын Орда тақырыбы бойынша қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулер мен эксперименттік дамуды жүзеге асыру.