Былтыр 1,4 миллиард АҚШ долларына қорғалды
Әділет министрі Марат Бекетаев есептік кездесуінде мемлекет мүддесін қорғау бойынша атқарылған жұмыстар жайлы айтты.
Министрдің айтуынша, 2003-2020 жылдар аралығында мемлекет мүддесі 23,6 миллиард АҚШ долларына қорғалған.
2020 жылы үш іс: Gold Pool, World Wide Minerals, Alhambra бойынша мемлекет мүддесі 1,4 миллиард АҚШ долларына қорғалды.
Еске салайық, канадалық талапкерлер Қазақстанға 500 мың доллар шығынды өтеді.
Одан бөлек, Қазақстан тарапы канадалық Gold Pool компаниясын сотта жеңіп шықты.