Канадалық талапкерлер Қазақстанға 500 мың доллар шығынды өтеді
Талапкерлер ҚР-ға келтірілген шығындарды төлеуге міндетті
Бұған дейін хабарланғандай, 2013 жылғы желтоқсанда канадалық талапкерлер, «World Wide Minerals Ltd» компаниясы және королдік адвокаты Пол Кэролл (компанияның президенті) Қазақстанға қарсы инвестициялық талап-арызбен жүгінді. Талап-арыздарының алғышқы сомасы 1,9 млрд АҚШ долларын құрады. Даудың мәні 1996 жылдан бастап 1997 жылға дейін Ақмола облысында орналасқан Тың тау-кен-химия комбинатын талапкерлердің сенімді басқару жағдайларына қатысты болды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
2017 жылғы желтоқсанда және 2018 жылғы қаңтарда өткен тыңдаулардың қорытындысы бойынша Трибунал 2019 жылғы 29 қазандағы өз шешімінде талапкерлерге талап-арыздың негізгі сомасының 1%-дан кем соманы қаулы етті.
Сонымен бірге, бұған дейін хабарланғандай, 2019 жылғы қарашада Қазақстан Лондон қаласындағы Англияның Жоғарғы сотына тиісті дәлелдемелер беріп, төрелік шешімнің қорытынды дайындау және залалды бағалау кезінде Трибунал жол берген бұзышылықтар бөлігіне қатысты шағым берді.
2020 жылғы 23 қарашада жоғары мәртебелі судья Пелинг берілген залал және шығындар сомалары бөлігінде 2019 жылғы төрелік шешімнің күшін жойып, ҚР-ның шағым туралы өтінішін қолдады және дауды Трибуналдың одан әрі қайта қарауына жолдады.
Төрелік шешімге сәтті шағым жасауды ескере отырып, талапкерлерге ҚР-ның шығындарын төлеу тапсырылды. Талапкерлер шағымдану процесінде келтірілген 500 000 АҚШ доллары шығындарды Қазақстан Республикасына төледі. Осы сома мемлекеттік бюджетке түсті.
Қазақстан үшін оң шешім нәтижесінде, талапкерлер Англиядағы төрелік шешімді орындауға қатысты талабынан бас тартты. Осы себептен, Талапкерлер ҚР-ға келтірілген шығындарды төлеуге міндетті. Қазір тараптар осы шығындарды өтеу туралы мәселені талқылауда.