$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.06.2021, 15:35
Үкімет

«Маусым ашылмай жатып 22 бала көз жұмды»: Артур Платонов депутаттық сауал жолдады

Депутат Шарын шатқалында болған қайғылы оқиға мен Түркістан облысында жоғалған студенттерді мысал етті

«Маусым ашылмай жатып 22 бала көз жұмды»: Артур Платонов депутаттық сауал жолдады
Артур Платонов, Мәжіліс депутаты

Мәжіліс депутаты Артур Платонов жазғы демалыс орындарында балалардың өліміне жол бермеу бойынша шұғыл шаралар қабылдауды сұрап, вице-премьер Ералы Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдады.

«Балалар қорғансыз, олардың апат туралы тез арада хабарлауға шамасы келмейді. Цифрландыру бар, бірақ байланыс жоқ. Табиғаты ғажап жерлердің бірінде төтенше жағдай туралы шұғыл хабар беру мүмкін емес. Бұл барып тұрған жауапсыздық және оған жол беруге болмайды», - деді Артур Платонов депутаттық сауалында.

Мәжіліс депутаты Шарын шатқалында болған қайғылы оқиға мен Түркістан облысында жоғалған студенттерді мысал етті.

Одан бөлек, депутаттың дерегінше, БҚО-да мектеп түлегі суға кеткен, Ақмола облысында екі оқушы, Солтүстік Қазақстанда колледж студенті мен куратор, Қызыллорда облысында 11 адам (олардың алтауы бала), ШҚО-да екі бүлдіршін суға кетті. Атырау облысында 13 жасар ұл, Жамбыл облысында 6-сынып оқушысы, Қостанайда 9-сынып оқушысы ажал құшқан.

Артур Платонов Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында демалыс орындарында, туристік маршруттарда балалар мен ересектердің өліміне жол бермес үшін шұғыл жүйелі шаралары қабылдауды сұрады.

Серіктес жаңалықтары