Заң жобасында жерді жеке меншікке беру 5 жылға тоқтатылады
Бүгін Мәжілістің жалпы отырыста депутаттар Жер қатынастарын дамыту туралы заң жобасын мақұлдады.
Заң жобасы Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен әзірленген. Осы құжат аясында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді жалға беру заңмен бекітілді.
Жалпы, заң жобасында жерді жеке меншікке беру 5 жылға тоқтатылады. Қазақстандықтардың ауыл шаруашылыққа бағытталған жерлерін мемлекеттен сатып алмай, жалға беру құқығын иеліктен шығаруы мүмкіндігі қарастырылған.
Мәжіліс спикері жалпы заң жобасы жеке мал жаю үшін қажетті жайылым тапшылығын шешуге ықпал етіп, сондай-ақ, жер учаскелері бойынша ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығы да күшейетінін атап өтті.
Оқи отырыңыз: Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңға қол қойды
Заң жобасында мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылатын, ұзақ мерзімдік жалға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша ақпаратқа (дербес деректерді көрсетпей) ашық қолжетімділік беру көзделеді.
Жалпы, заң жобасында мына нормалар көзделген: